Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының ойыншыларына жеңіс үшін қомақты сыйақы берілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Қазақстандық кәсіпкер Иван Сауэр Премьер-лиганың үшінші турында «Ұлытау» командасын 2:1 есебімен жеңген «Оқжетпес» футболшыларын құттықтады.
Матч аяқталғаннан кейін Иван Сауэр команда ойыншыларына алғысын білдіріп, әр гол үшін 1 миллион теңгеден сыйақы табыстаған.

