
6-12 сәуір аралығында Қырғызстан астанасы Бішкекте ересектер арасындағы күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
World Wrestling мәліметіне сәйкес,
97 келі салмақта бірқатар мықты балуандар белдеседі. Атап айтқанда, Бахрейн сапынан Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов, Ираннан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Амир Али Азарпира, Жапониялық әлем чемпионатының қола жүлдегері Араш Ёсида және Қытай құрамасынан этникалық қазақ Хабила Абусайман қатысады.
Бұл салмақта Қазақстан намысын Бекзат Үркімбай қорғайды. Ал басты үмітіміз саналатын Ризабек Айтмұхан құрлық біріншілігіне қатыспайды.
Бас бапкер Данияр Қайсановтың айтуынша, Айтмұхан мен Қайпанов
Азия ойындарына мақсатты түрде дайындалып жатыр.
Айта кетейік, Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама Алматыда өткен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталған.
