
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әйелдер спортына қатысты жаңа ереже енгізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Енді Олимпиада және ХОК өткізетін жарыстарда әйелдер санатына трансгендерлер қатыса алмайды.
Жаңа талап бойынша спортшылардың биологиялық жынысы SRY геніне бір реттік тест арқылы анықталады.
Егер тест нәтижесі теріс болса, спортшы әйелдер арасында өмір бойы өнер көрсете алады.
Ал SRY гені анықталған спортшылар әйелдер санатына жіберілмейді.
Бұл ережелер 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасынан бастап күшіне енеді.
