
Ташкент қаласында өткен PWL кәсіпқой күрес лигасының 11-ші турнирінде Ризабек Айтмұхан ресейлік Алихан Кцоевты 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Бұл екі балуан арасындағы екінші кездесу. Бұған дейінгі кездесуде де Ризабек басым түсіп, қарсыласынан айласын асырған еді. Осылайша, қазақ балуаны Кцоевпен өткен екі кездесудің екеуінде де жеңіске жетіп отыр.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта еліміздің басты үміттерінің бірі саналады.
