
Қазақстан әйелдер құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz
Таиланд астанасы Бангкокта өткен садақ атудан Азия кубогының финалында Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске жетті. Классикалық садақ атудан ел намысын қорғаған арулар Қытай құрамасын жеңіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша, біздің команда айтулы нәтижеге қолжеткізді.
