Бүгінгі таңда Қазақстандық каратэшілердің жетістіктері мен бапкерлердің кәсіби шеберлігі тек ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болып, түрлі семинарлар өткізіп, ұлттық құрамаларды жаттықтыруда, деп жазады Sportbugin.kz
Новосибирск қаласында Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Берік Қасенов арнайы семинар өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының бапкері Ринат Сағындықов
26 наурыз бен 3 сәуір аралығында Ресейде оқу-жаттығу семинарын жүргізіп жатыр. Бұл шараға түрлі елдердің спортшылары мен жаттықтырушылары қатысуда.
2024 жылы Жапон елі тәжірибе алмасу және шеберлікті шыңдау мақсатында
Қазақстан спортшылары мен бапкерлерін арнайы шақырды.
Аталған жиынға еліміздің талантты каратэшілері — Мөлдір Жаңбырбай,
София Берульцева және Асел Қанай қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты.
Шетелде қызмет атқарып жүрген қазақстандық бапкерлерге тоқталар болсақ:
Қожаев Ержан Аманниязұлы —
Сауд Арабиясында каратэ спортын дамытуға елеулі үлес қосып, жергілікті деңгейдің көтерілуіне ықпал етуде.
Ал Ермек Айназаров қазіргі таңда Макаода осы елдің ұлттық құрамасында кеңесші бапкер қызметін атқарып жүр.
Оның тәжірибесі мен білімі халықаралық аренада жоғары бағалануда.
Жапон елінен бастау алған каратэ өнерін меңгеруде қазақстандық бапкерлердің деңгейі ешкімнен кем емес. Керісінше, олар өз біліктілігін шетелде дәлелдеп, әлемдік каратэ қауымдастығында бедел жинап келеді.

