Моңғолияда бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сында Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келі салмақта өнер көрсететін Шахзод Музаффаров 1/8 финалда Иордания өкілі Махди Алмашалехты айқын басымдықпен жеңіп (5:0) ширек финалға жолдама алды.
Енді өзбек боксшысы ширек финалда Махмұд Сабырханмен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 3 сәуір күні өтеді.
Сіздің бұл кездесуге болжамыңыз қандай?
