
Азия чемпионатының алғашқы күнінде күтпеген нәтиже тіркелді, деп жазады Sportbugin.kz
Өзбекстандық боксшы Хавасбек Асадуллаев алғашқы жекпе-жекте үндістандық Дипактан 3:2 есебімен төрешілердің шешімі арқылы жеңіліп қалды.
Асадуллаев бұған дейін 2024 жылғы Азия чемпионатының финалында Абылайхан Жүсіповті тістеп алған даулы әрекетімен есте қалған. Сол оқиғадан кейін ол дисквалификацияланып, алтын жүлде Жүсіповке берілген еді.
Айта кетейік, Азия чемпионатында бұл салмақта ел намысын әлем чемпионы Төрехан Сабырхан қорғайды.
