
Аралас жекпе-жек әлемінде кезекті алаңдатарлық жағдай тіркелді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Америкалық файтер Мэйси Барбер жекпе-жек барысында ауыр соққы өткізіп алып, октагонда шамамен екі минут бойы ес-түссіз жатты.
Кездесу барысында Барбер қауіпті соққы жіберіп алып, артынша қарсыласы оны бірден қылқындыру әдісіне түсірген. Осы сәттен кейін жекпе-жек шиеленісті сипат алған. Дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, кейін спортшы есін жиған.
Айта кетейік, бұл Барбердің алғашқы жағдайы емес. 2024 жылы ол Кэтлин Серминарамен жекпе-жектен кейін бір аптадан астам уақыт ауруханада жатқан.
