Ұланбатырда (Моңғолия) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы бір спортшысы жеңіліс тапты, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келі салмақтағы өнер көрсеткен Римма Волосенко 1/8 финалда үндістандық Прия Приядан ұтылды.
Үш раундқа созылған кездесуде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) үндістандық боксшы жеңіске жетті.
Римма Волосенко Қазақстан құрамасы сапынан жарыс жолынан шыққан үшінші боксшы атанды.
Айта кетейік, Элина Базарова мен Жазира Орақбаева да жарысты аяқтаған еді.
