Ризабек Айтмұхан америкалық атақты балуан Кайл Снайдермен тағы да белдесетін болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қос спортшы 18 сәуір күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтетін RAF 08 турнирінде кездеседі. Бұл жекпе-жекте Снайдер жартылай ауыр салмақтағы лига чемпионы атағын қорғайды.
Айта кетейік, Екі балуан бұған дейін де кілемде жолығып, сол кездесуде тәжірибелі америкалық балуан Кайл Снайдер жеңіске жеткен болатын.
Алдағы белдесу Ризабек үшін есе қайтаруға тамаша мүмкіндік екені белгілі.
