Бокстан Азия чемпионатында өнер көрсеткен Жазира Орақбаеваға байланысты тың ақпарат белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин мәлімдеді.
Отандаасымыз Солтүстік Корея боксшысымен өткен жекпе-жекте алғашқы екі раунд қорытындысы бойынша есепте алда болған.
Алайда шешуші раундта иығы шығып кетуіне байланысты айқасты жалғастыру мүмкін болмаған.
Қазіргі таңда спортшының жарақатына байланысты медициналық тексеру жүріп жатыр.
