
Асу Алмабаев 27 маусым күні Баку қаласында өтетін турнир аясында октагонға шығады, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Бұл кеште Алмабаев жеңіл салмақта рейтингте жоғары тұрған америкалық файтер Чарльз Джонсонмен кездеседі.
Асу Алмабаев үшін бұл жекпе-жек ерекше маңызға ие. Осы кездесуден кейін рейтингтік позициясын жақсарта алады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы жарақатына байланысты Брэндон Мореномен жоспарланған жекпе-жектен бас тартқан болатын.
