
Қазақстандық рефери Айдана Махимова Түркияның Анталия қаласында өткен таеквондодан (WT) халықаралық «Turkiye Open» турнирінде үздік төреші атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Айдана Махимова — «Turkiye Open» турнирінде кәсіби біліктілігімен көзге түсіп, арнайы марапатқа ие болды.
Айдана Махимоваға марапатты Түркия таеквондо (WT) федерациясының президенті Бахри Танрикул табыстады.
