
Қазақстан құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов Türkiye Open халықаралық турнирін қорытындылады, деп жазады Sportbugin.kz
«Бұл жаққа әлемнің мықты құрамалары келген. Біздің спортшылар жақсы өнер көрсетті.
Атап айтатын болсақ, Құмартаева Айдана былтыр әлем чемпионатында жартылай финалда жеңіліп қалған, түркиялық әлем чемпионынан биыл есе қайтарды.
Батырхан Төлеуғали өз салмағынан бір салмаққа жоғары шықса да, жақсы өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Жас спортшыларымыз да таң қалдырды. 63 келіде Мергенбей Абылай деген спортшымыз бірінші рет ересектер арасында сынға түсіп, күміс медаль иеленді.
Қыздарымыз да жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жалпы саны 5 медаль (1 күміс, 4 қола) жеңіп алды. Бұл қыздар командасының деңгейі өсіп жатыр деген сөз.
Осы жарыстың қорытындысы бойынша біз Азия чемпионатына баратын құрамды анықтадық», — деді бас бапкер.
