
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Данияр Қайсанов Нұрғожа Қайпанов пен Асылжан Есенгелдінің алдағы жоспарлары мен қазіргі жағдайына пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz
«Асылжанның аяғында кішкене жарақаты бар. Нұрғожаға келсек, былтыр көп жарысқа қатысты ғой. Бірақ екеуі де Азия ойындарының іріктеуіне қарқынды дайындалып жатыр.
Екеуі былтыр олимпиадалық емес салмақта белдескен болатын.
Биыл Азия ойындарында екеуі де олимпиадалық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Нұрғожаның оқу-жаттығу жиындарын қарап отырмыз, жақсы өтіп жатыр», — деді бас бапкер.
Айта кетейік, Нұрғожа Қайпанов пен Асылжан Есенгелді биылғы маусымда жарыстарға қатысқан жоқ.
