
Футболдан Түркия ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің шешуші матчында Косово ұлттық құрамасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz
Ойынның тағдырын Керем Актюркоглуның 53-минутта соққан голы шешті.Осылайша, Түркия құрамасы 24 жылдық үзілістен кейін қайтадан әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Енді түрік футболшылары D тобында Парагвай, Австралия және АҚШ командаларына қарсы ойнайды.
