
Бішкек төрінде өткен Азия чемпионатында 77 келі салмақта ел намысын қорғаған Қаһарман Қисметовқола медаль үшін өткен шешуші белдесуде өзбекстандық Дониёрхон Накибовқа есе жіберді, деп жазады Sportbugin.kz
Жекпе-жектің алғашқы кезеңінде қарсылас белсенділік танытып, есепті 0:7-ге дейін жеткізді. Екінші кезеңде Қисметов таразы басын теңестіруге барын салғанымен, камбэк жасауға мүмкіндік болмады.
Бұл жолы жүлде бұйырмағанымен, Қаһарман Қисметов құрлықтық додада алғашқы бестіктің қатарынан көрінді.
