
Надежда Рябец Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатында 80 келі салмақта Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Финалда Өзбекстан боксшысы Рухшона Парпиевамен кездескен отандасымыз төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Рябец Азия чемпионатының алтынын иеленсе, Парпиева күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, бұл алтын жүлде Қазақстан үшін аталған чемпионаттағы алғашқысы болды. Надежда Рябец Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатында 80келі салмақта Азия чемпионы атанды.
