
Бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Азия чемпионатын қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz
«Қай қызды апарсақ та, біз әрдайым жеңіс үшін барамыз. Құрамдағы спортшыларды бөліп-жармаймыз барлығы бір мақсат жолында еңбек етіп жатыр.Алдағы ең маңызды дода — Азия ойындары. Сол жарысқа барынша тыңғылықты дайындалуымыз керек.
Қыздардың барлығы тамаша өнер көрсетті. Әрине, кемшіліктер де жоқ емес. Бірақ ондай сәттер кез келген жарыста болады. Қазір оқу-жаттығу жиындары барысында бапкерлер мен спортшылар сол қателіктермен жүйелі түрде жұмыс істейді.
Негізгі мақсатымыз — Азия ойындары. Оған дейін тағы бір жарыс пен бірнеше оқу-жаттығу жиыны жоспарланған. Біз қыздарды дәл сол додаға бабында, яғни пик формада апаруға тырысамыз», — деді бас бапкер.
Айта кетейік, Азия чемпионатын Елдос Сайдалин баптайтын әйелдер құрамасы
2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтады.
