
Бокстан үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жаңа салмақ дәрежесіне ауысқаны туралы видеосымен жанкүйерлер назарын аударды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Осыған байланысты біз әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалиннің пікірін білген едік.
“Бразилияда өтетін жарыста Назым 54 келіде өнер көрсетеді. Алда бірнеше жекпе-жек өткізу керек. Азия ойындары алдында бәрін саралап, тексереміз. Қалай бокстасатынын көріп, нақты шешім қабылдаймыз”, — деді бас бапкер.
Айта кетейік, Назым Қызайбай бұған дейін 51 келі салмақта өнер көрсетіп, ұлттық құраманың негізгі әрі тәжірибелі спортшыларының бірі ретінде танылған.
