
Құрлық додасының финалында аса ауыр салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Айбек Оралбай чемпион атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Шешуші айқаста Айбек Қытай елінің атынан шығатын этникалық қазақ Данабек Байкенжемен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Айбек қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауыздан 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Айбек Оралбай Азия чемпионатында үшінші рет топ жарды.
Айта кетейік, Айбекке дейін Василий Левиттің ғана үш дүркін Азия чемпионы деген атағы бар еді.
