
Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
-85 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістіріп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Қорытынды есеп — 5:0.
Айта кетейік, бұл Нұрбектің Олимпиададан кейінгі және жаңа салмақтағы алғашқы ірі жеңісі болды.
