
Белгілі бокс жаттықтырушысы Мұхтар Бердімбетов ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандарды супер боксшыларға теңеді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Махмұд та, Төрехан да — супер боксшылар. Мұндай деңгейдегі боксшыларды жаттықтыратын бапкердің де әлеуеті өте жоғары болуы керек.
Бокста бапкердің ролі аса маңызды екенін тағы да айтқым келеді. Қазіргі қоғам бапкердің әлеуетін бағалай бермейді. Бірақ боксшыдан чемпион шығаратын ең бірінші адам – жеке бапкері. Сондықтан, ағайынды Сабырхандар сияқты талантты боксшыларды игеру де оңай емес. Оларды одан әрі жетілдіру үшін бапкері де супер болуы керек», — деді Бердімбетов.
