
86 келіде өнер көрсеткен қазақстандық балуан Болат Сақаев Азия чемпионатында қола медальға таласқанымен, тұғырға көтеріле алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қола үшін өткен белдесуде ол бахрейндік Хидир Саипудиновке кездесті.
Белдесу өте тартысты өтіп, нәтижесінде кездесу тағдырын бір ғана ұпай шешіп кетті. Кездесу 1:2 есебімен аяқталды.
Осылайша, Сақаев жаңа салмақтағы маңызды жарысын жүлдесіз аяқтады.
