Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Әлем кубогындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Олимпиада чемпионы Бусеназ Сюрменелимен кездесті.
Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер шешімімен Сюрменели жеңіске жетті.
Қорытынды есеп — 4:1.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында Назым Қызайбай да жарыс жолын тоқтатқан болатын.
