Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінде Фарух Тоқтасынов сенсациялық жеңіске қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз 1/8 финалда осы салмақтың басты фавориттерінің бірі, әлем чемпионы Севон Окадзавамен қолғап түйістірді.
Тартысты өткен жекпе-жекте Тоқтасынов төрешілер шешімімен 3:2 есебінде жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
