Спорт шолушысы, Sportarena.kz сайтының бас редакторы Леонид Юрьев бокстан аса ауыр салмақта елдегі бәсекелестік мүлде нашар екенін жазды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Қазақстанда аса ауыр салмақта бәсекелестік мүлде жоқ. Айбек Оралбай өз мансабында үшінші рет Азия біріншілігін жеңіп алды және осы орынды ұстап тұр.
Бокстағы шеберлігі жоғары болғанына қарамастан, Айбек әрбір турнирде үстемдік құратын адамға ұқсамайды. Ол Жахонгир Зокировті еш күмәнсіз жеңіп, екі айдан соң одан ұтылып қалуы мүмкін. Ол Ла Крустан (Куба) ауыр соққы алып, жеңіп тұрған жекпе-жегінде жеңіле жаздауы мүмкін.
Егер мотивациясы мықты болса, Айбек Оралбай Азиадада топ жаруы әбден мүмкін. Бірақ бұл нақты емес», — деп жазды Леонид Юрьев.
