Спорт шолушысы, Sportarena.kz сайтының бас редакторы Леонид Юрьев бокстан 90 келіде ел үздігі саналатын Сағындық Тоғамбайды қатал сынға алды, деп жазады Sportbugin.kz.
«Сағындық Тоғамбай тек қағаз жүзінде ғана ауыр салмақтағы ел үздігі саналады. Неге? Өйткені, ол өзбек құрамасының бірінші номері Хабибуллаевтан ғана емес, жас боксшы Мамасолиевтен де жеңіле бастады. Өзбекстанның жас боксшысын жеңе алмай жүрген спортшы Азия ойындарында керек пе бізге?
Бұл салмақта Нурмагамед Юсуповқа бапкерлер көп мүмкіндік берсе де, алып кете алар емес. Көп үміт күткен Дәулет Төлемісов те өзін жоғалтып алды. Сондықтан, Нұрбек Оралбайдың бұл салмақта көш бастайтын мүмкіндігі мол. Бірақ ол әлемдік деңгейде басқалармен бәсекелесе ала ма? Бұл сұрақ басы ашық күйінде қалмақ. Десе де, өзбек боксшысы Хабибуллаев бұл жолдан сәтті өтті: ол Париж Олимпиадасында жартылай ауыр салмақта бокстасып, Ливерпульде 90 келіде чемпион атанды», — деп жазды Юрьев.
