Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Хуго Грау (Франция) арасындағы жекпе-жектің нәтижесіне байланысты даулы жағдай тіркелді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл жағдайға байланысты Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына ресми хат жолдаған.
Нәтижесінде жекпе-жек қайта қаралып, сарапшылардың басым бөлігі Базарбайұлының екінші және үшінші раундтарда айқын басым болғанын растады. Осыған байланысты жеңісті қарсыласқа берген төрешілерге санкция қолданылып, олардың екеуі турнирден шеттетілді.
Алайда World Boxing ережесіне сәйкес, жекпе-жек нәтижесі өзгертілмейді. Яғни Базарбайұлының жеңісі қайтарылмайды, тек төрешілер жазаланды.
Айта кетейік, 2011 жылы Василий Ломаченко қатысқан жекпе-жекте даулы шешім қайта қаралып, жеңіс ресми түрде қайтарылған. Бұл — әуесқой бокс тарихында мұндай жағдай бір-ақ рет тіркелген.
