Соңғы күндері “Жайдарман” ойындары арқылы танылған Мансар Орынханның Түркістан облысы күрес федерациясының медиа саласы бойынша вице-президент қызметіне тағайындалуы қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Осы мәселеге қатысты Түркістан облысы күрес федерацияның төрағасы Нұрбол Еребаев пікір білдіріп, аталған шешімнің себебін түсіндірді.
Оның сөзінше, Мансар Орынханның әлеуметтік желідегі белсенділігі жоғары, жеке парақшасында 800 мыңнан астам жазылушысы бар.
Федерация бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып,
оның аудиториясы арқылы күрес спортын кеңінен насихаттауды көздеп отыр.
Алдағы уақытта Мансардың парақшасында жарияланатын бейнероликтер мен контент көрерменнің күреске деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
