Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогының 1/4 финалында Әзірбайжан спортшысына есе жіберген отандасымыз Фарух Тоқтасынов жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп жазады Sportbugin.kz.
«Бүгін менің Әлем кубогындағы жолым 1/4 финалда аяқталды. Өкінішке қарай, елімнің үмітін ақтай алмадым — бұл мен үшін ауыр. Бірақ бұл соңғы нүкте емес, бұл — сабақ. Қателіктерден қорытынды шығарып, одан да мықты болып қайта ораламын. Мені қолдаған барлық жандарға алғысымды білдіремін — жақындарыма, командама және мен үшін жанкүйер болған әр адамға. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды. Алға қарай қозғалысты тоқтатпаймыз.», — деді Тоқтасынов.
Айта кетейік, Фарух Тоқтасынов Әлем кубогының 1/8 финалында Жапония елінің өкілі, әлем чемпионы Севон Окадзаваны жеңген болатын.
