Зілтемірші Бейбарыс Ерсейіт әлемдік аренада тарихи нәтиже тіркеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Мысырдың Исмаилия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында
ол ерекше нәтижесімен көзге түсті.
65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде «жұлқа көтеру» жаттығуында 131 кг салмақты еңсеріп, әлемдік рекорд орнатты.
Бейбарысты және барша қазақ жанкүйерлерін құттықтаймыз!
