Зүлфия Ғабидуллина — Франция астанасы Парижде 1-3 мамыр күндері пара жүзуден өткен әлемдік серияның қола жүлдегер атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Додаға әлемнің үздік параспортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған жарыста Зүлфия Ғабидуллина 150 метр кешенді жүзу қашықтығында
бақ сынап, 3 минут 47 секунд нәтижемен мәреге жетті. Бұл көрсеткіш оған қола жүлде алып келді.
Айта кетейік, пара жүзуден өткен әлемдік серия жарысына 39 елден 200-ге жуық спортшы қатысқан.
