Дуниа Сибомана — еркін күрестен Африка чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ол 6 жасында өмір мен өлімнің арасында қалды. Шимпанзелер шабуылынан ауыр жарақат алған ол, 8 жасынан бастап ұзақ қалпына келу жолынан өтті: 16 операция, үздіксіз еңбек және төзім. Бірақ ол сынған жоқ.
Жылдар өте күресті таңдады. Кілем үстінде өзін қайта қалыптастырды. Бүгінде ол жастарға нағыз мотивация.
Сибомана — Америка Құрама Штаттарының үш дүркін чемпионы. Ал күні кеше ол 57 келіге дейінгі салмақта Африка құрлығының чемпионы атанды.
Оның тарихы бір нәрсені дәлелдейді: қандай қиындық болса да, еңбек пен табандылық сені биікке шығарады. Нағыз чемпионды рух анықтайды.
