Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде стенд атудан алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Әсем Орынбай әйелдер арасындағы «скит» бағдарламасында үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Ол финалда 33 ұпай жинады. Осы көрсеткіш арқылы Әсел биыл ұлттық құрамадағы әріптесі Адель Садақбаева орнатқан әлемдік рекордты қайталады.
Күміс медаль 30 ұпаймен қытайлық
Итин Цзянға бұйырса, ал үшінші орынды 27 ұпаймен италиялық Мартина Бартоломей иеленді.
Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңі 11 мамырға дейін жалғасатын болады.
