Геннадий Головкин басқаратын World Boxing ұйымы боксшыларға қорғаныс шлемін қайта енгізу мәселесін талқылауды бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
«Ерлер боксына қатысты жарақаттар санының артуы және спортшылардың жарысты толық аяқтауына әсері жөніндегі алаңдаушылықтарға байланысты Атқарушы кеңес бұл мәселені зерттеуді Спорт және жарыстар комитетіне тапсырды. Сондай-ақ элиталық деңгейдегі ерлер жарыстарында қорғаныс шлемдерін қайта енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ» — деп жазды World Boxing ұйымы парақшасында.
Бұл бастамаға қатысты нақты шешім 2026 жылдың 20 қарашасында Панамада өтетін Конгресте белгілі болады.
Сіз қай нұсқаны таңдайсыз: шлеммен бе, әлде шлемсіз бе?
