Қамшыбек Қоңқабаев Черногорияның Никшич қаласында өтетін бокс кешінде ұзақ үзілістен кейін кәсіби рингке қайта оралады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қамшыбек бүгінге дейін кәсіпқой бокста 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның төртеуін нокаутпен аяқтаған. Алайда ол соңғы рет кәсіби рингке төрт жыл бұрын шыққан. 2022 жылы Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы аренада өзбекстандық Фаррух Джураевты екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Енді Қоңқабаев кәсіби мансабын қайта жалғастырып, 9 мамыр күні Черногорияда ауыр салмақта 48 жастағы венесуэлалық Йонни Молинамен жұдырықтасады.
Айта кету керек, Йонни Молина соңғы бес жекпе-жегінің бәрінде жеңіліп келеді, оның екеуі мерзімінен бұрын аяқталған.
