Бақыт Сәрсекбаев (боксшы) — Қазақстанда туғанымен оны Өзбекстандағы Табақсай аулында тұратын әжесі тәрбиелеп өсірген.
12 жасынан бастап сол елде бокспен айналыса бастаған. 7 рет Өзбекстан чемпионы атанған. Елге оралып,
2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының жартылай орта салмақ дәрежесінде чемпионы атанған.
Шавкат Рахмонов (ufc файтері) — Өзбекстанның Шурчи қаласында дүниеге келген. 16 жасында тарихи отанына оралған. 2025 жылдың соңында жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде 2-орынға дейін көтерілді. Кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңілмеген, 19 жеңіс, 0 жеңіліс.
Сәкен Бибосынов (боксшы) — Өзбекстанның Бостандық ауданында дүниеге келген. Ол 13 жасқа келгенде ата жұртқа оралған. Токио олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы.
Әбиба Әбужақынова (дзюдошы) — Әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы. Өзбекстанда дүниеге есігін ашқан ол 11 жасынан дзюдомен айналыса бастаған. Спортқа деген махаббат оны Ташкенттен Алматыға дейін жетеледі.
Аман Қонысбеков (боксшы) — Өзбекстанның Навои облысында дүниеге келген. 2024 жылдан бастап Қазақстанның намысын қорғауға шешім қабылдады. Жастар арасында Азия чемпионы атағы бар. Қазір Мырзағали Айтжановтың қарамағында жаттығады.
