Қазақстандық фристайлшы Жанбота Алдабергенова тұрмысқа шықты. Оның таңдауы америкалық Джесси Роуз болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Алдабергенова әлеуметтік желідегі парақшасында: «Қол ұстасып, бірге жүруге уәде берген күніміз» — деп жазды.
Мұхиттың ар жағынан келген жігіт Жанбота Алдабергеноваға үйлену үшін ислам дінін қабылдаған.
Айта кетейік, Жанбота Алдабергенова — фристайл-акробатикадан Универсиаданың жеңімпазы және үш дүркін қола жүлдегері. Ол Қазақстан намысын үш Олимпиадада қорғаған. 2024-2025 жылғы маусымда жарақатына байланысты спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
