ESPN америкалық порталы әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жеңіліс дәмін татпаған украиналық Александр Усик екінші орынға төмендеп, көшбасшылықты екінші жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы жапониялық Наоя Иноуэға берді.
Дэвид Бенавидес болса, Хильберто Рамиресті жеңгеннен кейін рейтингте бір сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты.
ESPN нұсқасы бойынша әлемнің үздік боксшылары рейтингі төмендегідей:
1. Наоя Иноуэ (33-0)
2. Александр Усик (24-0)
3. Джесси Родригес (23-0)
4. Дэвид Бенавидес (32-0)
5. Шакур Стивенсон (25-0)
6. Девин Хейни (33-0)
7. Дзюнто Накатани (32-1)
8. Джарон Эннис (35-0)
9. Сауль Альварес (63-3-2)
10. Джей Опетайя (30-0)
