Талғат Орынбасар екінші жыл қатарынан Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның күміс жүлдесін алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Дзюдодан Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны бір күміс медальмен толықты.
60 келі салмақтаа сынға түскен Талғат Орынбасар турнирдің күміс жүлдегері атанды. Финалда ол Моңғолия спортшысы Сухбат Биамбасуренмен белдесіп, қарсыласқа есе жіберді.
Турнир барысында Талғат испаниялық Луиз Баррозоны, қазақстандық Мағжан Шамшадинді, Олимпиада жүлдегері, тайпейлік Янг Юнвейді жеңді.
Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық спортшы Шерзод Давлатов турнирдің қола медаліне қол созды.
