Элизабет Тұрсынбаева «Замандас» подкастында неге Ресей атынан өнер көрсетпейтінін айтып берді. Оның сөзінше, бұл шешімді әкесі қабылдаған, деп жазады Sportbugin.kz.
«Бұл — әкемнің шешімі. Ол менің Ресей атынан өнер көрсеткенімді қаламады», — деді спортшы.
Мәнерлеп сырғанаушының айтуынша, отбасы оның басқа елдің намысын қорғағанын құптамаған. Бұл шешімге оның Этери Тутберидзе бапкерінен тәлім алуы мен Ресей құрамасына өту мүмкіндігі де әсер етпеген.
Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева 2013 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Ол Ресей мәнерлеп сырғанау жүйесінен шығып, Канадаға көшіп, бапкер Брайан Орсермен жаттыға бастаған.
