Өзбекстан астанасында өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттары арасындағы Азия чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы екі жас ерекшелігі бойынша да жүлдеге таласуды жалғастырып жатыр. Алдағы төрт күнде 40 отандасымыз финал жолдамасы үшін шаршы алаңға шығады.
U15 санатында — 24 боксшы (14 қыз, 10 ұл)
U17 санатында — 16 боксшы (8 қыз, 8 ұл)
Айта кетейік, Азия чемпионаты 15 мамырға дейін жалғасады.
