Баходир Жалолов Манчестер қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жек кешінде уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Аса ауыр салмақтағы Баходир Жалолов пен Агрон Смакичи арасындағы кездесу он раундқа жоспарланған еді. Алайда айқас жетінші раундтан кейін Смакичи жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, мерзімінен бұрын жеңіс Жалоловқа берілді.
Осы жеңістен кейін өзбек боксшысы кәсіпқой мансабындағы 17-жеңісіне (15 нокаут) қол жеткізді. Ал Смакичи профи рингтегі төртінші жеңілісіне ұшырады.
