Камила Берліқаш дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
+78 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз Франция және Бразилия спортшыларын жеңіп, жартылай финалда тағы бір қазақстандық Аида Тойшыбековамен кездесті.
Аида Тойшыбекова өз кезегінде Моңғолия мен Италия дзюдошыларынан басым түскен еді.
Қос қазақ қызы арасындағы тартысты белдесуде тәжірибелі Берліқаш мықтырақ болып шықты. Енді ол финалда Ресей өкілі Элис Старцевамен алтын медаль үшін күреседі.
Ал Аида Тойшыбекова қола жүлде үшін Италия спортшысы Тициана Маринимен татамиге шығады.
