Марат Байқамұров Grand Slam алтынына таласады, деп жазады Sportbugin.kz.
Марат Байқамұров жарыс барысында Қырғызстан, Польша және Нидерланд спортшыларынан басым түсті.
Жартылай финалда тағы бір нидерландтық Михаэль Коррелмен белдесіп, сенімді жеңіске жетті.
Енді Марат Байқамұров финалда Молдова өкілі Вадим Гимбовчимен алтын жүлдені сарапқа салады.
