Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты ерлер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақта тартысты бәсекемен басталып, бірден жаңа рекордпен есте қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жұлқа көтеруде алдымен Қызылорда облысының өкілі Азамат Төлеген 122 келіні бағындырып, рекорд орнатқан еді. Алайда артынша Түркістан облысының зілтеміршісі Әлішер Тұрғанбай 123 келіні көтеріп, бұл нәтижені жаңартты.
Қоссайыс қорытындысы бойынша:
Әлішер Тұрғанбай (Түркістан облысы) — 271 келі (123+148)
Азамат Төлеген (Қызылорда облысы) — 269 келі (122+147)
Исламжан Музапаров (Жетісу облысы) — 252 келі (109+143)
Айта кетейік, өткен жылғы ел чемпионатында осы салмақта Азамат Төлеген топ жарса, Әлішер Тұрғанбай күміс жүлдегер атанған еді. Биыл қос спортшының арасындағы бәсеке тіпті қыза түсіп, нәтижесінде алтын мен күмістің иесі ауысты.
