Астана футбол клубының жартылай қорғаушысы Иван Башич Босния және Герцеговина құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған соңғы құрамына енді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жартылай қорғаушы АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтетін мундиальға баратын ойыншылардың қорытынды тізіміне енгізілген.
Осылайша, Башич Қазақстан Премьер-лигасы тарихында әлем чемпионатында ойнайтын алғашқы футболшы атанбақ.
Топтық кезеңде Босния және Герцеговина құрамасы Канада, Катар және Швейцария құрамаларына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, биылғы маусымда
24 жастағы футболшы Астана ФК сапында тоғыз матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
