Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогында грек-рим күресі бойынша 67 келі салмақ дәрежесінде Астана қаласының өкілі Бағдат Сабаз бен Жамбыл облысының балуаны Ержет Жарлықасын алтын жүлде үшін белдесті, деп жазады Sportbugin.kz.
Белдесу барысында Бағдат Сабаз алғашқы сәттен-ақ қарқынды күрес көрсетіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Ол айқын басымдық танытып, кездесуді өз пайдасына шешті.
Қорытынды есеп — 6:0.
Осылайша, астаналық балуан Қазақстан кубогінің чемпионы атанды.
